USD
USD
USD

Еліміздегі рәміздердің 80%-ы Қарағандыда шығарылады

 Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердің маңдайында тұратын рәміздердің 80 пайызы Қарағандыда шығарылады.

Еліміздегі рәміздердің 80%-ы Қарағандыда шығарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған кәсіпорын биылдан бастап ту мен елтаңбаны және әнұран мәтінін басып шығару үшін нанотехнология қолданбақ. Бұл ел рәміздерінің пайдалану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорында 90-ға жуық адам қызмет етеді. Олардың әрбірін «ел патриоты» деп атауға негіз бар. Себебі олардың айтуынша, ісіңе деген адалдық болмаса, басып шығара бергеннен түк өнбейді. Бұл жұмыста тиянақтылық, төзім және еліңнің рәміздеріне деген махаббат керек.

 Рәміздер барлық мекеме маңдайшасында тұрғандықтан олардың тозығы тез жететін. Бұрын елтаңбаға 3 жыл кепілдік берілсе, енді бұл 5 жылға дейін ұзартылды. Ту матадан жасалғандықтан оның кепілдік мерзімі аздау болады. Мамандардың сөзінше, кәсіпорында айына 1 мың елтаңба, 3 мыңға жуық ту тігіледі. Бұл сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Себебі өткен жылы ел Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік туды жекелеген азаматтардың пайдалану тәртібіне үкімет тарапынан өзгерістер енгізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.