USD
USD
USD

Еліміздегі колледж студенттері бақ сынасады

Еліміздің әр өңірінен 199 студент Қазақстан колледждерінің «ТОП-100» студенті атағына үміткер. Үздіктердің үздігі онлайн дауыс беру арқылы анықталады, деп хабарлады «Хабар 24».

Еліміздегі колледж студенттері бақ сынасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқау жеңімпаздары сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер оқытатын мамандықтар бойынша жұмысқа шақыру да алады. WorldSkills бойынша облыстық, республикалық және халықаралық чемпионаттардың, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары, олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, шығармашылық топтардың өкілдері, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары қатысып атқанын еске сала кетейік.

«Облыстық кезең аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ҚР колледждерінің «ТОП-100» студенті атағына 199 адам үміткер. Бұл былтырмен салыстырғанда 30-ға жуық үміткерге артық. Байқаудың беделі жыл сайын артып келеді, өйткені оған колледждердің үздік студенттері қатысады. Конкурс жеңімпаздары болашақ жұмыс берушілерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, былтыр 50-ге жуық қатысушы конкурс қорытындысы бойынша жұмысқа орналасты. Осындай алаңды ұсына отырып, біз дарынды колледж студенттерін анықтап, оларға қолдау көрсеткіміз келеді», – дейді ТжКБ департаменті директоры Ернат Жүнісов.

Байқаудың ресми жабылу рәсімі желтоқсан айының басында өтеді. Іс-шара аясында «ТОП-100» жеңімпаздарын марапаттау, сондай-ақ студенттерді жеке және кәсіби өсуіне арналған шеберлік сабақтары, тренингтер мен курстардан өткізу жоспарда бар.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков