USD
USD
USD

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», – деді министр.

Оның дерегінше, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр. «Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында – 49, Алматы облысында – 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында – 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы