USD
USD
USD

Еліміздегі ең лас қалалар аталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы өте лас он қаланы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Еліміздегі ең лас қалалар аталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық проблемалары: атмосфералық ауаның, жерүсті суларының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі.

"Мәселен, атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл –  Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Ластаушы заттардың шығарындысы 2,5 миллион тоннаны құраған.

Ал жерүсті суларының ластануының негізгі себебі –  ескірген кәріз тазарту нысандары. Былтыр республика бойынша ластаушы заттар төгінділерінің жалпы көлемі 1,1 миллион тоннаға жеткен.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасы да шешілмей тұр. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және апатты үйінділер, деді министр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.