USD
USD
USD

Еліміздегі ең көп таралған айлық – 58 мың теңге

Қазақстандықтардың басым бөлігінің жалақысы 112 мыңнан төмен болса, ең көп таралған айлық көлемі бар-жоғы – 58 мың теңге, деп хабарлайды kursiv.kz ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Еліміздегі ең көп таралған айлық – 58 мың теңге
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Жақында ҚР Статистика комитеті 2019 жылдағы медиандық  және модалді жалақы бойынша мәліметтерді жариялады. Бұл мәліметтерге сәйкес, жұмысқа орналасқан қазақстандықтардың жартысы (3,3 млн.) 112,2 мың теңгеден аз жалақы алады. Медиандық жалақы дегеніміз  – жұмыскерлердің 50 пайызынан көбі алатын айлық ақы көлемі. 

Бір жылда медиандық жалақы 5,6 пайызға өскен, яғни, 5,9 мың теңге қосылыпты. Ал инфляция деңгейі былтыр 5,4 пайызды құрады. Бұдан шығатын қорытынды: қазақстандықтардың тең жартысының тұтынушылық қабілеті 2018 жылғы деңгейде қалған. Бұл реттте шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалақысы есептелмегенін ескерген жөн. Олардікін санайтын болса, бұдан да төмен көрсеткіш қалыптасуы ықтимал еді. 

Айта кетейік, 2019 жылдың соңғы тоқсанындағы орташа жалақы көлемі 203,9 мың теңгені құраған. Бұл медиандық жалақы көлемінен  2 есе жоғары екенін байқауға болады. Орташа жалақы мен медиандық жалақыдағы айырмашылық үлкен болған сайын, жалақыдағы теңсіздік те жоғары болмақ. 

Қазір оқып жатыр

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

Отбасы банк

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева

.