USD
USD
USD

Еліміздегі балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі

1 қарашада Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі балабақшаларға бірыңғай кезек құру жоспары туралы айтты.

Еліміздегі балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Асхат Аймағамбетов балабақша кезегіне сұраныс көп екенін айтты.

Бұл ретте облыс көлемінде кезекке тұру үшін 44 ақпараттық жүйе қолданылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл кезектің қайталануына алып келеді.

Сондай-ақ министр «бірыңғай көзқарас жоқ» деп түсіндірді.

- Бұл мәселені шешу үшін орталықтандырылған деңгейде балабақшаларда бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл сайтты күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов.

2022 жылдың қыркүйегінде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы жоғары және жүктеме аз болатыны белгілі болды.

Сол кезде ҚР Білім бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова педагог-бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, сондай-ақ аттестаттау жүйесін өзгерту ұсынылғанын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков