USD
USD
USD

Еліміздегі ақылы жолдардағы камералар жылдамдықты тіркеуді бастайды

Еліміздегі жолдардың қазіргі жай-күйі және бұл бағытта 2023 жылға арналған жоспармен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков бөлісті.

Еліміздегі ақылы жолдардағы камералар жылдамдықты тіркеуді бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жүргізушілер жолда жиі жылдамдықты асырады. Мәселен, Астана – Бурабай тас жолында барлық камера істеп тұр. Онда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат берілген. Алайда жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді. Оған қоса, Қазақстандағы жолдардың басым бөлігі екі жолақты. Салдарынан жүргізушілер жылдамдықты асырып, жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Сондықтан адам өлімі көп тіркеледі, - деді Амангелді Беков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2030 жылға дейін ақылы жолдарға "Сергек" камераларын орнатуды жоспарлап отыр.

"Жоба бойынша Қазақстандағы 25 мың шақырым жолдың 11 мыңын ақылы болдыруды жоспарлап отырмыз. Осы 11 мың жолда камералар болады. Осы республикалық маңызы бар, ақылы жолардардың бойына 94 камера орнаттық. Қазір оның 33-і жұмыс істеп тұр", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды