USD
USD
USD

Елімізде жүргізушілер төлқұжатын ұялы телефоннан көрсетуіне болады

Электронды құжат пен түпнұсқаның күшін теңестіретін заң жобасына сәйкес, электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электронды формадағы ақпарат қағаз түріндегі құжатпен тең қолданылатын электронды құжат ретінде танылады.Азаматтық кодексте көрсетілгендей, жеке және заңды тұлғалар цифрлы құжат қызметі арқылы электронды құжатты мемлекеттік органдарға ұсынса болады.

Елімізде жүргізушілер төлқұжатын ұялы телефоннан көрсетуіне болады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматының жеке басын растау үшін куәліктің электронды көшірмесін көрсету жеткілікті болады. Қазір олар eGov-та ғана емес, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасында да бар. Мысалы, Kaspi банк қосымшасындағы мемлекеттік қызмет бөлімінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техникалық төлқұжаттың электронды нұсқасы қолжетімді", - делінген хабарламада.

Осылайша заң жобасына Президент қол қойса, елімізде жүргізушілер куәліктері мен техникалық төлқұжатты алып жүрмеуге болады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси