USD
USD
USD

Елімізде ЖОО студенттерінің шәкіртақысы өсті

Елімізде жоғары оқу орындарынының студенттерінің шәкіртақысын көбейту туралы үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлады  Stan. kz.

Елімізде ЖОО студенттерінің шәкіртақысы өсті
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды. Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алатын болды.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы 58 800 теңгеге өзгерді, бұрын олар 50 400 теңге алатын. Интерндерге 66 403 теңге, ал магистранттарға 86 987 теңге төленеді. Назарбаев Университетінің магистранттарына 162 500 теңге төленеді, бұрын олар 143 750 теңге алатын.

Докторанттар енді ол 172 500 теңгенің орнына ("Денсаулық сақтау" мамандығын қоса алғанда) 195 000 теңге алады. Ал "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге (88 494 теңге болды) төленеді.

Басқа шәкіртақылардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов