USD
USD
USD

Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға кетті

Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға тұншығып мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде жыл басынан бері 34 бала суға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қабылданған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балаларды қараусыз қалдыру кесірінен, белгіленбеген жерде суға түсудің салдарынан 34 бала қаза тапты. Жалпы, жыл баснан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары 48адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Комитет басшысының дерегінше, елімізде суға түсуге арналған 469 орын бар. Оның 118-і коммуналдық және 275-сі жекеменшік жағажай саналады. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су қойнауларында орын алатын төтенше оқиғалар тәуекелін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды қолға алып, дер уақытында жүргізіп жатыр. Мәселен, 31 наурызда Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың міндеті айқындалған. Шомылу маусымын өткізуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілген. «Өңірлерде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері барлық деңгейдегі төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырысында қаралды», - деді Бауыржан Сыздықов.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға