USD
USD
USD

Елімізде жеке куәліктердің қағаз көшірмесін жасауға тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады NewTimes.kz.  

Елімізде жеке куәліктердің қағаз көшірмесін жасауға тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасының 12 заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.   Атап айтар болсақ мына мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген:  

«жеке деректердің қауіпсіздігін бұзу» түсінігінің анықтамасы;  

дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын беру;

 Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгілеу.

 Заң жобасын қарау барысында депутат Қарақат Әбден жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін алуға тыйым салынса, интернетке қосылу мәселесі бар өңірлер мен ауылдық елді мекендердің азаматтары не істеу керектігін сұрады.  

«Интернет қосылымы болмаған жағдайлар үшін де ерекшеліктер бар. Бірақ, біздің ойымызша, жалпы алғанда, жеке куәліктердің көшірмелерін жинаудың қажеті жоқ, өйткені көшірмесіз құжаттан қажетті деректерді қайта жазуға қазірдің өзінде мүмкіндік бар», - деді Цифрлық даму министрлігі басшысының орынбасары Мәлік Олжабеков.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева