USD
USD
USD

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

2024 жылдан бастап «Бәйтерек» холдингі мен Отбасы банк жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады.

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы кейбір деректерді атап өтті. 

ОКҚ брифингінде Ибрагимова "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға бағытталғанын айтты. 

"Бірақ бұл бағдарлама 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал қазір академиялық ғылым қызметкерлерімен пилоттық жоба ретінде бағдарламаны бастадық. Олардың ғылыми жетістіктері болуы керек және соңғы бес жыл ішінде баспана болмауы керек. Айтпақшы, "9-20-25"-те де осындай талап болады, бағдарламаға қатысуға үміткер адамда баспана болмауы керек (соңғы 5 жылда)", - деп Ләззат Ибрагимова.

Бұл бағдарлама арқылы: 

– 9% жылдық үстемақы;

– 20% бастапқы жарна;

– 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады.  

Аталған бағдарлама тек Отбасы банк салымшыларына арналатын болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.