USD
USD
USD

Елімізде вакцинаның I компонентін 8,63 млн адам салдырды

Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін салдырғандар саны 8 631 201-ге жетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде вакцинаның I компонентін 8,63 млн адам салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «21 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 631 201 адам, II компонентін 7 939 634 адам салдырды», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 019 478 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 954 572 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 740 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 721 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 904 079 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 861 421 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе