USD
USD
USD

Елімізде ұшақ билеті қымбаттады

Қазақстанда әуе компаниялары қызметінің құны бір жылда 18%-ға өскен. Ең жоғарғы баға өсімі биыл Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Елімізде ұшақ билеті қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпан айының нәтижесі бойынша ұшақ билеттерінің бағасы Шығыс Қазақстан облысында бірден 45,7%-ға, Маңғыстау облысында 43,2%-ға, Түркістан облысында 34,8%-ға өскен. 

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгеріссіз қалған. Ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында билет 14,2% және 22,2%-ға арзандаған екен. 

"2022 жылдың ақпан айының нәтижесі бойынша Қазақстанда әуе жолаушылар транспорты қызметі 1 жылда 17,7%-ға қымбаттаған", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Ресейге салынған санкциялар салдарынан Қазақстан әуе тасымалы мен логистика саласына өзгеріс енуі мүмкін. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қара теңіз аумағындағы ұшақтардың бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы ұшып өтеді. 

Ведомстводағылар еліміздің аэронавигациялық жүйесі қосымша әуе қозғалысын ешқандай шектеусіз қабылдауға мүмкіндік беретінін қосып өтті. 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай