USD
USD
USD

Елімізде үйленуге ниетті азаматтар саны азайып келеді

Мәселен, былтыр бас құрағандар 8,5 пайызға азайып, 130 мыңға жуық неке тіркелді. Бұл жерде Астана көш бастап тұр, деп жазды 24.kz.

Елімізде үйленуге ниетті азаматтар саны азайып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал ажырасқандардың 29,2 пайызының шаңырақ көтергеніне 5 жыл да толмаған.

Аида Айтбайқызы, Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаментінің бас сарапшысы:

- 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелді. Мың адамға шаққанда жалпы коэффициент 6,54. Сондай-ақ, 44517 ажырасу актісі түзілді. Мың адамға 2,27-ден келеді. Некеге отырғандар саны Астана мен Алматы облысында көп. Ал ажырасуға келсек, тағы да Астана, сосын Қарағанды облысы алда тұр. Статистика бюросының мәліметінше, 30-34 жас аралығындағы азаматтардың шаңырағы жиі шайқалады. Ажырасу дерегінің көбейіп, некелескендер санының кемуінің бірнеше себебі бар. Сарапшылардың айтуынша, жастар материалдық жағдайды алдыңғы орынға қояды.

Әсем Қайдарова, Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары:

- Соңғы бес жылда Қазақстанда некенің саны азайып келеді. Бұның негізгі себебі, ең басты себебі – бүкіл әлемде, Қазақстанда азаматтық некеге тұру белең алып келеді. Екінші мәселе экономикалық және әлеуметтік факторлар болып табылады. Бала туу, отбасын құру жасы ұлғайып келе жатыр. Мысалы орташа жас қазір 28 жасқа жетті. Некеге тұрмаудың тағы бір себебі, ажырасудың себебі жастардың отбасын құруға дайындықсыздығы болып табылады. Сосын жаңағы басқа адамдарды өміріне араласуы, екі адамның тіл табыса алмауы болып табылады.
 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай