USD
USD
USD

Елімізде студенттердің қалай оқитыны белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында бакалавр студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді.

Елімізде студенттердің қалай оқитыны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы министрліктің Telegram каналы хабарлады.

БАКАЛАВРИАТ. 1 КУРС

Күзгі семестр қашықтан ұйымдастырылады және 1 қыркүйектен басталады. Бұл күні барлық шаралар онлайн режимде өтеді. 1 курс студенттеріне ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін 24 тамыздан бастап онлайн режимде апталық өтеді. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ білім алушылар корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұруға болады.

БАКАЛАВРИАТ. 2-4 КУРС

2-4 курс студенттеріне оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттерімен онлайн кездесулер өткізеді. Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша оқуды толық қашықтықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады. Ал жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер бағыттары бойынша аралас оқыту форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн форматта, зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар – кампус аумағында өтеді, бірақ қазан айынан кейін басталады. Офлайн режимде өтетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына жүгінуі керек. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ студенттер корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұра алады.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев