USD
USD
USD

Елімізде студенті ең көп Әуезов университетінің Түркістандағы күндері өтті

17-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «Әуезов университетінің күндері» өтті.

Елімізде студенті ең көп Әуезов университетінің Түркістандағы күндері өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 күнге созылған шараға 100-ге жуық мектеп пен колледж түлектері қатысты.

Бұл шара студенттерді, ата-аналарды және басқа да мүдделі тұлғаларды университеттің ғылыми жетістіктерімен таныстыруға арналған. Іс-шара бірнеше бағытта өтті. Көрмеден бөлек мектеп түлектеріне арналған концерттік бағдарлама мен сыйлықтар берілді.

Шараның бір бағыты – Түркістан қаласының Конгресс-холл фойесінде орналасқан Әуезов университеті ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесі. Әуезов университетінің күндері аясында ұйымдастырылған көрмеде университеттің факультеттері мен жоғары оқу орындарының ғылыми жетістіктерінің кең ауқымы ұсынылған. Көрмеде техника, ауыл шаруашылығы, химия, археология және басқа да ғылыми салалардағы оқытушылардың, жас ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелері мен тәжірибесін көрсететін сан алуан жәдігерлерді көруге болады. Айта кету керек, бұл еліміздегі Нобель сыйлығын алған профессор сабақ беретін және студенті ең көп жалғыз жоғары оқу орны.

Сондай ақ, Түркістан қаласында орналасқан Конгресс Холлда оқушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алғы сөзді алған университеттің басқарма төрағасы – ректор Дария Қожамжарова Пернешқызы университеттің қол жеткен жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларын бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе