USD
USD
USD

Елімізде смартфон арқылы көрсетілетін қызметтердің саны 6 есе өсті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің баяндауынша бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетіледі.

 Елімізде смартфон арқылы көрсетілетін қызметтердің саны 6 есе өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өсті. Оған қоса азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін қажет етпейтін проактивті қызметтерді енгізу жалғасып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 40-қа жетті, жалпы 2 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

Бұған дейін азаматтарға жыл сайын 50 млн-ға жуық қағаз анықтама ұсыну қажет болған. Алайда заманауи технологиялар арқылы бұл процесс цифрлық форматқа ауыстырылды. Оған қоса бүгінде жұмыс берушілер мен мектептердің бұрынғыша анықтамаларды талап ету фактілері кездеседі. 

"Бұл мәселені 2024 жылы толығымен шешу жоспарланып отыр. Бүгінде қазақстандықтар жаңа цифрлық сервистерді жиі қолданады. Атап айтқанда, олардың қатарында электрондық сенімхаттар беру, автокөлікті онлайн сатып алу-сату, ипотеканы онлайн рәсімдеу және т.б. қызметтер бар. Осы орайда келесі жылы зейнетақы тағайындау процесі өзгертіледі, ол мүлдем жаңа форматта жүргізілетін болады. Сондай-ақ жұмысқа орналасу, интернет қосу, декларацияларды тапсыру, балабақшаға кезекке тұру кезінде талап етілетін анықтамалардың 12 түрін қысқарту бойынша жобалар әзірленіп жатыр", - деді Бағдат Мусин. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар