18 Мамыр 15:49
...

Еліміздегі «шіріген» 50 байдың тізімі жарияланды

Фото:
Еліміздегі ең бай адамдардың қатарында Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бар, деп хабарлайды

Forbes.kz басылымы.

Алматы, NEGE. Ауқатты кәсіпкерлердің қатарында алғашқылардың бірі, әдеттегідей, Владимир Ким, Болат Өтемұратов пен Құлыбаевтар отбасы. Бұл тізімге Kaspi компаниясының иегерлері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе кірді. Оған қоса, ауқатты адамдар қатарын, Freedom Finance негізін қалаушысы және басты акционер Тимур Турлов толықтырды.

Кәсіпкерлердің байлығы 24,1 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 есе жоғары.

Тиісінше, биыл тізімге енген 50 бизнесменнің орташа байлығы өткен жылғы 502 миллион долларды құраса, биыл 676 миллион долларға дейін өсті.

Сержан Жұмашов, Нұрлан Бизақов және Анатолий Балушкин сынды кәсіпкерлер биыл тізімге енбей қалған. Тізімге жаңадан келгендер - Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Итемгенов және Сейсенбаевтар отбасы.

Рейтингтегі бірінші орын KAZ Minerals және Kazakhmys акцияларына иелік ететін Владимир Кимге тиесілі. Журналистер ең бай қазақстандықтың байлығын – 4 миллиард 700 миллион долларға бағалады.

Екінші орынға Вячеслав Ким тұрақтаған. Ол Kaspi bank-тің негізгі акционерлерінің бірі, сонымен қатар "Alseco" АҚ-ның 90% -ына иелік етеді.

Рейтингте үшінші орында Kaspi.kz АҚ басқарма төрағасы – Михаил Ломтадзе. Ол банктің 23% акцияларын иеленген. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша оның меншікті капиталы 7,1 миллиард теңгені құрайды.

Ал "ForteBank" АҚ-ның 87,27% акциясына иелік ететін Болат Өтемұратов рейтинг бойынша төртінші орында. Ол Қазақстан мен Қырғызстандағы "Beeline" байланыс операторларына, RG Gold алтын өндіруші копаниясының акцияларының иегері. Оған қоса, Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Венадағы Ritz-Carlton қонақ үйін және Rixos Borovoe қонақ үйін толықтай меншіктеген.

Әлемдік миллиардерлер тізімінде Тимур мен Динара Құлыбаевтар 743-ші орыннан 1111-ші орынға түсті. Құлыбаев Сингапурда орналасқан Steppe Capital Pte Ltd акцияларының бақылау пакетіне иелік етеді. Оның құрамына 100% голландиялық KazStroyService Infrastructure BV және Asset Minerals Holdings кіреді.

Өткен жылдың мамыр айында Түркияның TAV Airports және VPE Capital консорциумы Құлыбаев Venus Airport Investments BV компаниясы арқылы басқарған Алматы әуежайын және онымен байланысты кәсіпорындарды 415 миллион долларға сатып алу туралы келісімге қол қойды. 2021 жылдың сәуір айының соңында келісім аяқталды, бірақ оның бағасы 365 миллион долларға дейін төмендеді, қазір TAV әуежайларында 85%, VPE Capital басқаратын Қазақстан инфрақұрылым қорының мемлекеттік үлесі 15% құрайды.

2021 жылдың рейтінгі бойынша Қазақстандағы ең бай адамдардың алғашқы бестігі осылай аяқталды.

50 ауқатты адамның қатарына Динара Құлыбаева, Тимур Турлов, Ибрагимовтар отбасы, Кеңес Рақышев, Сәрсеновтер отбасы, Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахымбаев, Қайрат Боранбаев, Еркін Татишев, Бауыржан Исабаев, Нұрлан Әлиев, Марғұлан Сейсембай сынды бірқатар кәсіпкерлер кірді.

Толық тізімді Forbes рейтінгінен көруге болады.

Тегтер: