Елімізде ПТР-тест тапсыруға сұраныс 30 пайызға төмендеген
Елдегі зертxаналарда 100 мыңнан астам адам антиденеге сынама тапсырған. Олардың 50% кеселді жұқтырғаны расталды.
Алматы, NEGE. Мамандар бұл тестті аурудың белгілері пайда болғаннан 14 күн өткеннен соң тапсырған жөн дейді. Елімізде ПТР-тест тапсыру жеңілдеді. Елордада қазір 9 зертхана жұмыс істейді. Тестілеудің қуаты тәулігіне 5 жарым мыңға артты. Мамандардың айтуынша, антидене мен ПТР сынамасын тапсыруға сұраныс 30 процентке төмендеген. Жалпы індет басталғалы антиденеге 100 мыңнан астам адам тест тапсырған. Олардың тең жартысы коронавирус жұқтырған.
ПТР-тестті жеке зертханалар мемлекеттік тапсырыс бойынша алады. Ол тегін өткізіледі. Мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлінген. № 3 көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Жұлдыз Данбаева: "Пандемия кезінде 284 мың ПТР-тест жүргізілді. Соңғы 3 аптада зертхана тәулігінің орташа 2,5 мың тест өткізді. Маусым айына қарағанда 30 процентке төмендеді. Мобильдік бригадалар құрылды. Вирус ауруын тасымалдаушы мен ковид науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдардан материал алады" деді.
Бас шаhарда карантин қайта енгізілгеннен бері пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40 процентке төмендеген. Сонымен қатар коронавирус стационарларына түскен науқастар саны да азайды. Сәйкесінше, төсек-орын қорының жүктемесі де жеңілдеді.