USD
USD
USD

Елімізде полицияның әрекетіне қатысты 17 шағым келіп түсті

  ҚР Ішкі істер министрлігінің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр. 

Елімізде полицияның әрекетіне қатысты 17 шағым келіп түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың өтініштеріне, әсіресе, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел ден қоюды қамтамасыз етті. Мәселен, өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта , – делінген ведомствоның жедел штабының мәліметінде.

Шағымдардың біразы көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдардың, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі сияқты мазмұнда жазылған. Соның ішінде 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болғанын да атап өтті. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі және шағымданушыларға толық түсініктеме беріледі. 

Қазір оқып жатыр

Тоқае вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды

вице-президент

«Ұмай» ипотекасына өтініш қабылдау басталды

Жаңа шарттары

Британ құқығы оларды қорғай ма? Олигархтар НЕГЕ АХҚО-ға жаппай көшуде?

.

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі