USD
USD
USD

Елімізде пәтерді жалға беру бағасы қанша пайызға өсті?

Қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ке өсті, деп хабарлады  ұлттық статистика бюросы.

Елімізде пәтерді жалға беру бағасы қанша пайызға өсті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7% (2022 ж. тамызда-1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ке қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2%.

Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ке өсті.

"Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ке көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ке, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ке, киім мен аяқ киім 1,9%-ке қымбаттады. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер 3%-ға арзандады.

Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев