USD
USD
USD

Елімізде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға жаңа форма тігіледі

Бүгін аппараттық кеңесте ТЖ министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін  жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Елімізде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға жаңа форма тігіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылатын болады, олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсыныстарын ескеретін болады. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын, әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы да, функционалды да болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек», - деп атап өтті Шәріпханов.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті