USD
USD
USD

Елімізде өлім жазасын алып тастамақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын алып тастау туралы БҰҰ-ның халықаралық құжатына қосылу рәсімін бастауға тапсырма берді.

Елімізде өлім жазасын алып тастамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылу рәсімін бастау Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады», – деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында.

Бұл хаттама өлім жазасынан бас тартуды қарастырады. Ол 1989 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 44/128 қаулысымен қабылданған болатын. Құжаттың 1-бабында «Осы хаттамаға қатысушы – мемлекеттің юрисдикциясындағы бірде-бір тұлға өлім жазасына кесілмейді» делінген.

Аталған кеңестің бірінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс жасалған еді.

Айта кететін жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» қаулыға қол қойған. Бұл жарлық өлім жазасын орындауды тоқтатқанымен, соттарға осындай жаза тағайындауға тыйым салмайды. 2004 жылы балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. 

2006 жылы бірінші рет саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты, оның жүргізушісі мен күзетшісін өлтірген Рустам Ибрагимовке өлім жазасы үкімі кесілді. Кейін оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастырды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама