USD
USD
USD

Елімізде нан бағасы 20%-ға өсті

Биыл Қазақстанда 342,4 мың тонна нан өндірілді. Нан бағасының өсімі 19,4%-ды құрады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде нан бағасы 20%-ға өсті
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. EnergyProm компаниясының зерттеуінше, нан өндірісінің төрттен біріне жуық бөлігі – 81,7 мың тоннасы Түркістан облысына тиесілі болған. Одан кейін Алматы қаласы (36,6 мың тонна) және Ақтөбе облысы (33,8 мың тонна) тұр.

Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Жалпы, елімізде бір жылда нан өндірісінің көлемі 3 пайызға төмендеген.

"Нан бағасы бір жылда 19,4 пайызға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғарғы сортты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының бағасы 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы 28,1%-ға өсті", - дейді сарапшылар.

Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.

Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.

"Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған", - дейді зерттеушілер.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.