USD
USD
USD

Елімізде коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі 4-тен 2,1% дейін азайды

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары арқылы COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі 4-тен 2,1% дейін азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз COVID-19 ауруын біртіндеп азайтып келеміз. Енді бір реттік медициналық үш қабатты масканың бөлшек сауда бағасы 85 теңгені құрайды. Қыркүйек айына дейін алғы шептегі қызметкерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының резерві құрылды. Қосымша 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмдері және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта зертханалардың өткізу қабілеті жедел қарқынмен артып келеді.

Тәулігіне 32 мың тест өткізе алатын 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. 1 тамызға қарай өткізу қабілеті тәулігіне 35,6 мың адамға, 1 қыркүйекке дейін – тәулігіне 64 мыңға адамға дейін жетеді. «Қазіргі уақытта инфекциялық және емдеу стационарларында 1 958 өкпені жасанды желдету аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп 4 183 қосымша аппарат және пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету үшін 21 мыңнан астам оттегі концентраты мен медициналық газбен жабдықтау жүйесі сатып алынды. Осылайша, қабылданған кешенді шаралар медициналық көмектің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов