USD
USD
USD

Елімізде қоғамдық көлік қозғалысының жандануына қатысты талап күшейтіледі

17 тамыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысы толық қалыпқа келтіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы онлайн брифингіде ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

Елімізде қоғамдық көлік қозғалысының жандануына қатысты талап күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады. Қоғамдық көліктерге қойылатын талаптар да күшейтілді, өйткені бүгінгі күні біз бұл инфекцияның таралуы тұрғысынан үлкен қауіп тудыратын жабық кеңістік екенін түсінеміз. Сондықтан қоғамдық көліктер отыратын орындар санына қарай толтырылады. Міндетті талаптар - маска режимі және соңғы аялдамарда дезинфекция жасау», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, тұрғындар қоғамдық орындарда маска тағуға міндетті.

«Бұл қызмет көрсету, тұрғындардың демалуына қатысты жабық нысандарға да қатысты. Әлеуметтік қашықтық пен жеке гиниенаны сақтаудың да маңызы зор», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны