USD
USD
USD

Елімізде Қазақстан есімді қанша адам тұрады?

2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, еліміз халқының саны 19,1 млн адамды құрады.

Елімізде Қазақстан есімді қанша адам тұрады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% көп. 2020 жылдың осы кезеңінде елде 18,8 млн адам болды, деп хабарлайды ranking.kz сайты.

Өңірлерді жеке қарастырғанда, тұрғындардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 2,1 млн адам.

ТОП-3-ке Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы қаласы (2 млн адам) кірген.

Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: 539,4 мың адам.

2021 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша, елде Қазақстан есімді 24 адам тұрады.

Қазақстан есімді адамдардың басым бөлігі Ақмола облысы мен елордада тұрады – әр өңірде 6 тұрғыннан бар.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысында – төрт, Қостанай облысында – үш, Шымкент қаласында – екі, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бірден Қазақстан есімділер тұрады.

Қазақстандықтар балаларына еліміздің ірі қалаларының аттарын да берген (ҚР-да олардың 18-і тұрады).

Елімізде 28 – Семей, 21 — Алматы, 18 Түркістан есімді адам бар.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.