USD
USD
USD

Елімізде қант қызылшасы алқабы ұлғайтылады

Жетісу облысындағы қант қызылшасы алқабын ұлғайту үшін су ресурсы мәселесін шешу керек.

Елімізде қант қызылшасы алқабы ұлғайтылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, жергілікті зауыт пен шаруашылықтар арасында тығыз байланыс орнатылуы маңызды. Ақсу ауданына барған сапарында аймақ басшысы Бейбіт Исабаев осыған назар аударды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұзақ жыл тоқтап тұрған тұрған Ақсу қант зауыты іске қосылғаннан кейін оның жобалық қуаты 450 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жеткен. Шикізат жетіспеушілігі туындағандықтан, зауыт қамыс қантын өңдеу желісін де іске қосу жұмыстарына кіріскен. Осы орайда, облыс әкімі қант қызылшасының алқабы бірте-бірте ұлғайтылатынын айтты.

«Ең алдымен, суаратын судың мәселесін шешуіміз керек. Қазір суару каналдарын қайта жаңғыртып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қант қызылшасын да, қант қамысын да қатар өңдейміз. Көксу қант зауыты соның арқасында жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Осындай жүйеге Ақсу зауыты да көшуі керек», - деді Бейбіт Исабаев.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы