USD
USD
USD

Елімізде интернет жылдамдығы артты

Осы жылдың басынан бері елімізде интернет жылдамдығы 62 пайызға артты.

Елімізде интернет жылдамдығы артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында телекоммуникация нарығын демонополизациялау мәселелері талқыланған Menmedia.kz кросс-медиаплатформасында белгілі болды.

«Finprom.kz сараптамалық проталының мәліметіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте 80-орында тұр.

Жыл басынан бері елімізде интернет жылдамдығы 62,6 пайызға артты. Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш басында келеді.

Ал ranking.kz сараптама порталы бүкіл әлемде интернет қосылуының жылдамдығы мен өнімділігін тексеретін Speedtest Global Index мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда бір жыл ішінде бекітілген интернеттің орташа жылдамдығы секундына 50,74 Мбит-тен 2021 жылдың қазанында 62,04 Мбитке-дейін артқанын атап өтеді. Бұл да - Орталық Азия елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш саналады», - деді Ұлттық коммуникациялар және цифрландыру қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаева.

Оның дерегінше, өткен жылы қазақстандық байланыс операторлары 1 трлн теңгеден астам пайда тапты. «Нарық алғаш рет 1 трлн теңгелік белгіден асып түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында телекоммуникация нарығының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өсті», - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»