USD
USD
USD

Елімізде халықаралық пәндік олимпиадада жүлде алған оқушыларға қанша сыйақы берілмек

Биыл Қазақстан оқушылары халықарлық пәндік олимпиадада 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде халықаралық пәндік олимпиадада жүлде алған оқушыларға қанша сыйақы берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«2021 жыл қазақстандық оқушылар үшін олжалы болды. Биыл шәкірттер әлемдік олимпиадаларда 31 медальдің 26-ын жеңіп алып, соңғы жылдардағы рекордты жаңартты. Білім алушылар ел қоржынына 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль салды. Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды балаларды қолдау үшін шаралар әзірлеуді тапсырды.Бұл міндетті іске асыру үшін Министрлік заңнамаға түзетулер әзірледі. Қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, түзетулер халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сіз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді, сондай-ақ осы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.

«Оқушыларды ынталандыру үшін алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп