USD
USD
USD

Елімізде грант саны көбейетін мамандық белгілі болды

Қазақстанда медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиена мамандарын даярлау факультеттерінде оқу грантының саны көбейеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

Елімізде грант саны көбейетін мамандық белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиология қызметі мамандарының санын арттыру мақсатында шаралар қабылданып жатыр. Осының негізінде 2021 жылдың қаңтарынан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақасы аудан деңгейінде 70%, облыс деңгейінде 40%-ға көтерілді", – деді Алексей Цой. 

Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орындарында санитарлық-гигиена мамандары жаңа "Қоғамдық денсаулық" оқу стандарты бойынша оқытылады. Сонымен қатар "Медициналық профилактикалық іс" факультетінің бакалавриатының 150 орын, магистратураға 50 орын бөлінген. 

"Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиена мамандарын оқыту мерзімін "Қоғамдық денсаулық" бағдарламасына сәйкес 4 жылдан 5 жылға ұзарту мәселесі қаралды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына жыл сайын бөлінетін грант санын көбейтіп, 2025 жылға қарай 400 орынға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында маман тапшылығын азайтуға көмектеседі", – деп түсіндірді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы