USD
USD
USD

Елімізде ең көп тіл білетін министр кім?

Ranking.kz  жүргізген зерттеу аясында тілдерді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстандағы министрлер рейтингі анықталды.

Елімізде ең көп тіл білетін министр кім?
Фото: NEGE.kz

Биыл полиглоттар көшін ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат бастап тұр. Министр жеті тілді – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерін меңгерген.

Екінші орында бес тілде сөйлей алатын сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр.

Үздік үштікті елдегі ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұйықтап тұр. Бұл министрлердің әрқайсысы төрт тілді жетік меңгерген.

Қазақстандағы 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, Қазақстан Республикасында бұл тілді меңгеру деңгейі өте төмен. Осылайша, EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің аяқ жағына жайғасты: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-шы орында тұр. Қазақстан ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Индекс 426-ны құрады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев