USD
USD
USD

Елімізде екінші сынып оқушылары шет тілін оқымауы мүмкін

Екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алынып тасталуы мүмкін.

Елімізде екінші сынып оқушылары шет тілін оқымауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. 

Құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алынып тасталатыны айтылды.

10-11 сыныптар үшін «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

«11 жылдық білім беру шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесі деңгейіне дейін жеткізеді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», деп айтылған түсіндірме хатта.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе