14 Ақпан 18:06

Елімізде бір ғана өңір «қызыл» аймақта

Фото:

 Коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір қалды.

Алматы, NEGE. Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа ауысты, өңірде аурудың таралуы бәсеңдеп келеді. 14 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Ақмола облысында аурудың таралуы бәсеңдеп келеді. Өңір COVID-19 таралуы бойынша «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысты. Қазір «қызыл» аймақта Павлодар облысы ғана тұр.

«Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

Еске салсақ, өткен тәулікте 837 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Пандемия басталғалы елде 201 801 қазақстандық COVID-19 жұқтырды. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 48 675 адам пневмониямен ауырды, 598 науқас қайтыс болды, 39 069-ы жазылып шықты.

Тегтер: