USD
USD
USD

Елімізде биылдан бастап МӘМС жарнасы өзгерді

Биылдан бастап жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы жұмысшылары еңбекақысының 2%-ін төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде биылдан бастап МӘМС жарнасы өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Былтыр ол 1% болған еді. Ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет істейтіндер ең төменгі жалақы көрсеткішінің 10 еселенген мөлшерінің 2%-ін қорға аударады. Бұл ретте ай сайынғы төлем 8500 теңгеден аспайды. Жеке кәсіпкерлер үшін өзгеріс жоқ. Олар бұрынғысынша 42 500 теңгенің 1,4 еселенген көлемінің 5%-ін төлеуі тиіс. Салық органдарына тіркелмей өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар да жиынтық әлеуметтік төлемді төлеу арқылы өзін сақтандыра алады. Ол үшін 1 айлық есептік көрсеткіш көлемін аударады. Ал ауыл-аймақтағы ағайынға сол 2197 теңгенің жартысын төлесе, жеткілікті болмақ.

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры:

- Яғни, бір оқпен 2-3 қоян атып алады азамат. Біріншіден, біздің жарнаны төлейді, әрдайым сақтандырылғандардың құрамында болады. Екіншіден, зейнетақысы, табыс салығы да жүріп отырады. Сосын денсаулық жарамдылығы, бала күтіміне қатысты төлемдер жасалатын әлеуметтік сақтандыру мәселесі де жүріп отырады. Сондықтан әлеуметтік жиынтық төлем төлеген тиімдірек. Өйткені ол үшін ешқайда тіркелудің, есеп тапсырудың ешқандай қажеті жоқ.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Заң бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс

NAVAI

Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем

160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шетелге танкермен заңсыз тасымалданған

мұнайды заңсыз экспорттау

2027 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру талаптары өзгереді

Ақша