USD
USD
USD

Елімізде бетперде қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда мамыр айынан бастап медициналық маскаларға енгізілген шекті баға күшін жояды.

Елімізде бетперде қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі, сауда және интеграция министрі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Осылайша, "Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы" қаулыны бекітті.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 15 қазандағы, 2020 жылғы 14 шілдедегі және 2020 жылғы 6 сәуірдегі бірлескен бұйрықтардың күші жойылды. Олар бір реттік үш қабатты медициналық маскалар үшін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеуді көздеген: тиісінше 60 теңге, 85 теңге және 60 теңге.

Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, былтыр пандемия кезінде Қазақстанда медициналық маскалардың тапшылығы байқалып, кей жерлерде тауардың бағасы қымбаттады. Жағдайды тұрақтандыру үшін маскаларға шекті баға енгізуге мәжбүр болды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы