USD
USD
USD

Елімізде азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскен

Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық Банктің төрағасы Ғалымжан Пірматовтың азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскенін айтты

Елімізде азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскен
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды baq.kz.

Астана, NEGE. «Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі инфляцияға қысым көрсетіп отыр. Инфляция осы жылғы сәуірде13,2%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарларының бағасы ең көп 17,9%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,1%-ға, ақылы қызметтер бағасының өсуі 8,9%-ға дейін жеделдеді», - деді Ұлттық Банк басшысы.

Оның сөзінше, проинфляциялық қысымның өсуі аясында Ұлттық Банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізіп келеді.

«2022 жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін ақпанда халықтың теңгедегі салымдары бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын шектіставкалар да көтерілді», - дейді ол.

Сонымен қоса, Пірматов атап өткендей, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтемақы төлеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жариялады.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Шавкат Рахмонов

Тоқаев неге Иран Президентімен сөйлеспегенін түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев