USD
USD
USD

Елімізде атыс қаруын заңсыз ұстау мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Қазақстанда заңсыз иемденген қару-жарақты тәркілеу шарасы жүріп жатыр.

Елімізде атыс қаруын заңсыз ұстау мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл ақпан айынан бері ел аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бүгінде полиция органдарында 235 мыңға жуық азаматтық қару иесі және 2 мыңнан астам қызметтік қару субъектісі есепте тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2 айда заңсыз айналымнан 1 000 бірліктен астам атыс қаруы алынды. Сондай-ақ, 7 мыңнан астам қару оғы тәркіленді», - деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифинг барысында. 

Оның айтуынша, жедел алдын алу шарасы аясында елімізде 1900-ге жуық заңды тұлға және 92 қару-жарақ дүкені тексерілді. 

«Одан бөлек, шара барысында 73 мыңнан астам фермерлік, шаруа қожалықтары тексеріліп, 205 мыңнан астам азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша қаралды. Тексеру нәтижесінде 4,8 мың заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды сақтау және алып жүру 3200, ал оны тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша 1,5 мың ереже сақталмаған», - дейді ол. 

Сондай-ақ, ІІМ өкілі қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің барын еске салды.  \

«Қару-жарақты заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 325 материал тіркелді. Сол сияқты 519 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейін, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамның өзге қылмысы болмаса, жауапкершіліктен босатылады», - дейді өкіл.  Осы орайда ІІМ қазақстандықтардан заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады. 

Қазір оқып жатыр

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын жаңа су қоймасы салынады

су қоймасы