USD
USD
USD

Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ұзын қашықтықтарға арналған ат спортының мүлдем жаңа түрі – Жорық пайда болды. Ол алғаш рет 2022 жылы өткен "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесінде дүниеге келді, деп

Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды
Фото: NEGE.kz

жазды Sputnik. 

Алматы, NEGE. Қазақстанда тай-бәйге, құнан-бәйге, аламан бәйге, жорға бәйге секілді ат жарыстарының бірнеше түрі белгілі. Алайда олардың біреуі де Жорық сияқты ұзақ қашықтыққа арналмаған.

"2022 жылы "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің алғаш маусымы ойдағыдай өтті. Бұл оқиға ат спорты әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Бірінші марафонның қашықтығы 1200 шақырымды құрады. Оның қашықтығы мен қиындығына қарамастан, 95 тұлпардың 26-сы ойдағыдай мәреге жетті", - деп хабарлады "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің ұйымдастыру комитеті.

Моңғолияда осындай ат марафоны өткізіледі. Алайда онда ашықтық 1000 шақырымды құрайды. Бұл ретте әр 40 шақырым сайын жылқы ауыстырылып отыратынын ескерген жөн.

Ал біздің жағдайда марафон қашықтығының жартысы - 650 шақырымнан кейін бір рет қана ат ауыстырыу рұқсат етіледі. Бұл тағы бір мәрте қазақтың жылқы тұқымдарының ерекше төзімділігін растайды.

Биылғы маусымда қашықтық 1300 шақырымды құрайды. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде өтуге тиіс. Бұл міндетті аз уақыт ішінде орындап шығатын команда "Ұлы дала жорығы" марафон- бәйгесінің абсолютті жеңімпазы атанады.

"Ұлы дала жорығы – 2023" марафон-бәйгесінің маусымы 6 қыркүйекте Қаражар ауылында басталады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза