USD
USD
USD

Елімізде астық импортына тыйым ұзартылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Елімізде астық импортына тыйым ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығымен:

– 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге ұзартылды;

– лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.

Осылайша, бидайдың кезкелген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.

Сондай-ақ, енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтыны аталып өткен.

Қазір оқып жатыр

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау