USD
USD
USD

Елімізде ардагерлер мен тыл ардагерлері пойызда тегін жүретін болды

"Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының мәліметінше 1935 жылғы 31 желтоқсанына дейін дүниеге келген ардагерлер мен тылда еңбек еткендер теміржол қызметін тегін пайдалана алады.

Елімізде ардагерлер мен тыл ардагерлері пойызда тегін жүретін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тегін жол жүру барлық бағыттар бойынша (ТМД аумағында) барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарда, туристік сыныптағы вагондарда және талго вагондарынан жасақталған пойыздарда мүгедектерге арналған мамандандырылған купелерде орын алуға қамтамасыз етіледі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына тегін жүруге Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедектің куәлігін, зейнетақы куәлігін ұсынуы қажет. Сонымен қатар тыл еңбеккеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісімен құжаты болуы шарт.

ТМД елдеріне барған кезде тегін жүруге арналған жол жүру құжаттары тек Қазақстан аумағында орналасқан сауда орындарында беріледі. Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити