USD
USD
USD

Елімізде алдағы күндері 30 градус аяз болады

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Елімізде алдағы күндері 30 градус аяз болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктер болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары қыстың жақындап қалғанын сезінеді. Атлант аймағынан суық антициклон қозғалып, жылы Оңтүстік циклоның алмастырады. Суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендейді.

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау болжанып отырған жоқ, — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе