USD
USD
USD

Елімізде әкімшілік соттар құрылады

Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында республикада 21 жаңа сот құрылады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде әкімшілік соттар құрылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың шілдесінен бастап республикада Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енеді. Кодекс билік органдарымен дау-дамайларды қарау барысында азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. «Халықаралық практикада жекелеген соттарды құру моделі өзін-өзі ақтады. Сондықтан бізде дербес әкімшілік соттар құрылатын болады. Олар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарамайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс бойынша жұмыс істеп жатқан соттардың атауы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгереді. Қазіргі таңда Департамент әкімшілік әділет жүйесін енгізу бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізуде. 21 жаңа әкімшілік сот құрылады, олардың 17-сі – облыс орталықтарында, қосымша 4-еуі - Қасқелең, Семей, Жезқазған және Екібастұзда ашылады. Жаңа соттар қолданыстағы штаттық кесте шеңберінде құрылады», - деді Н.Ахметзакиров. Сондай-ақ мәлім етілгендей, инфрақұрылымды дамыту аясында Арыс аудандық, Сәтбаев қалалық және Жамбыл облыстық соттары ғимараттарының құрылысы басталды. 100 сот ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент