USD
USD
USD

Елімізде ЖІӨ бес айда 1,7%-ға төмендеген

Елімізде  ЖІӨ бес айда 1,7%-ға төмендеген, деп мәлім етті ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Елімізде  ЖІӨ бес айда 1,7%-ға төмендеген
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «2020 жылдың қаңтар-мамырының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі келесідей. Жедел ақпар бойынша ЖІӨ 1,7% төмендеген», - деді Дәленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, тауар өндірісі 4,8% өсті, бұл ретте қызмет көрсетулер 6,2% қысқарған.
«Жылдық инфляция 6,7% құрады. Бұл былтырғы айдағы деңгейден төмен», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Дәленов кейбір оң өзгерістердің де байқалатынын айтты.
«Өндіріс саласындағы өсім жалғасуда. Былтырғы мамыр айынан бастап қызмет көрсету саласында қарқынды қалпына келтіру белең алды. Сонымен қатар сауда балансының сальдосы да жоғары өсім көрсетіп отыр», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған