USD
USD
USD

Елімізде 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 7 облысының аумағында ауа райының құбыуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімізде 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   23-25 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, ертең көктайғақ болуы мүмкін. 24-25 қазанда батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді, 24 қазанда екпіні 25 м/с болады.

23 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Ертең таңертең және күндіз Қарағанды қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ертең түнде Жезқазғанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

23 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

23 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады, тіпті одан күшеюі мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Ертең Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

23 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.

23 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


 

 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік