USD
USD
USD

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "7-20-25" бағдарламасы ұзартуды ұсынды.

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінде халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қолдап отыр.

"7-20-25" бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз", – деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспана сатып алуға болады. Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек.

Мөлшерлеме – 7%, ең төменгі жарна – кемінде 20%-і, мерзімі – 25 жылға дейін. Бағдарламаның нақты мерзімі жоқ.

Бірақ оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны