USD
USD
USD

Елімізде 56 мың адамның көзі көрмейді

Елімізде зағип ретінде мүгедектікке шығатын адамдардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Қазірдің өзінде қос жанарынан айырылғандардың қатары 60 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елімізде 56 мың адамның көзі көрмейді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институтының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Әйгерім Төлетованың дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 56 мыңдай адам «су қараңғы соқыр» дертімен тіркеуде тұр. Олардың 18 мыңы – балалар. «Көз аурулары жүре келе және туа бітті болады. Көп адамдар уақытылы дәрігерге қаралмай, ауруын асқынтып алады. Бұған қоса, ағзадағы әртүрлі созылмалы сырқаттар да көз жанарына әсер етуі мүмкін. Мысалы, глаукома, дегенеративті миопияның ұлғаюы, гипертония, қант диабеті, ретинопатияның асқынулар су қараңғылыққа алып келеді. Сондықтан көз жанарын ерте бастан күтіп, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн», –дейді Ә.Төлетова.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян