USD
USD
USD

Елімізде 3 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде 3 облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімізде 3 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 
Ақтау қаласында ертең күндіз шаңды дауыл соғалы. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 
30 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 
Орал қаласында ертең күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. 
30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов