USD
USD
USD

Елімізде 3 400-дей мобильді бригада жұмыс істейді

Қазақстанда COVID-19 шалдыққандарға үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді.

Елімізде 3 400-дей мобильді бригада жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада құрылды, олардың 1 693-і ауылда қызмет етеді. "Жұмыс бір жүйеге түсті, қолжетімділік, мобильді бригадалардың саны артты. Үш апта бұрын мобильді бригада мүлдем болған жоқ, ал қазір олардың қатары көбейгенін көріп отырмыз. Осының арқасында жедел жәрдем шақырушылар саны 36 пайызға, оның ішінде коронавирус бойынша – 37 пайызға азайды", – деді Алексей Цой.

Емханалардағы Call-орталықтардың саны 16 пайызға артты, олардың жұмысына білікті дәрігер-кеңесші, фельдшер және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері тартылған. Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде шілденің соңына дейін әмбебап мобильді бригада саны 3,5 мыңға жеткізілетіні мәлім етті. Айта кетерлігі, емхана мен отбасылық амбулатория жанынан уақытша, тіркелген адам санына қарай 5 мың халыққа 1 мобильді бригада деген есеппен құрылады.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.